Телефон ұрлады деген күдікпен Павлодар әуежайының үш қызметкері ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кеше Павлодар стансасының ішкі істер желілік бөлімінің полицейлері ұялы телефон ұрлады деген күдікпен Павлодар қалалық әуежайының үш қызметкерін ұстады.

Бұл туралы ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу материалдарында белгілі болғандай, үш ер адам 20 тамызда «Алматы-Павлодар» рейсімен келген жолаушының багажынан жалпы құны 99 мың теңге болатын 5 телефонды қолды еткен.

Қазір ұялы телефондар заттық айғақ ретінде тәркіленіп алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар