Телефон нөмірін жариялаған Жетісудың бас полицейі халықты ашық әңгімеге шақырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Мұрат Ұрұмханов әлеуметтік желіден өз парақшасын ашты. Өзге облыстардағы әріптестерінің арасынан алғашқылардың бірі болып Фейсбукке тіркелген генерал өңір тұрғындарын ашық диалогқа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Мұрат Ұрұмханов қызметтік тікелей телефон нөмірін жариялап, «тікелей желіде» азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдауға дайын екенін жеткізді.

«ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар мен интернет ғасыры. Барлығымыз да уақыт талабына сәйкес әрекет етуіміз қажет. Белсенді болу, азаматтармен диалог құру, әсіресе әлеуметтік желілерде байланыс орнату - заманауи талап. Осыған орай, Facebook желісіндегі менің атыма ашылған парақша ашық диалог құруға және халықпен келелі байланыс орнатуға көмектесетіні анық. Сондай-ақ, тығыз қарым-қатынас орнату үшін азаматтар полиция қызметін одан әрі жақсарту туралы ұсыныстарын 8-7282-608001 нөмірі арқылы маған тікелей қоңырау соғу арқылы айта алады»,- деп жазды Мұрат Ұрұмханов парақшасындағы алғашқы постында.

Сонымен қатар, полиция басшысы өзінің және орынбасарларының департаменттегі, Құқық қорғау қызметі орталығындағы және «Нұр Отан» партиясындағы азаматтарды қабылдау кестесі туралы жазған.
null

Соңғы жаңалықтар