Телефон арқылы алаяқтық жасайтындармен күрес қалай жүріп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телефон арқылы алаяқтық жасайтындармен күрес қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл мәселені бірнеше рет Ішкі істер министрлігі өкілдерін және операторларды бірге жинап, талқыладық. Ұялы байланыс операторлары тиісті интеграцияны жүргізіп жатыр. Олардың әрқайсысы жекелей алаяқтарды анықтауды үйреніп келеді. Енді олар бір-бірімен жалпы ақпарат алмасуды күшейту бағытында тиісті интеграцияны іске асырып жатыр. Яғни, бұл жұмыстар алаяқтар нөмірлерін анықтап, оларды бұғаттауға бағытталған. Осы орайда олар алаяқтар пайдаланатын нөмірлерді бұғаттауды үйренді. Қазір алаяқтардың әрекеттері азайып келеді. Дегенмен, бұл алаяқтардың біздің телефон нөмірлерімізді пайдалануы және оларды шетелге шығару мүмкіндігі әлі де бар», - деді Б. Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол телефон арқылы алаяқтық жасайтындармен күрес қалай жүретінін айтты.

«Бұл жерде бір sms арқылы несие беру мүмкін болмас үшін екінші деңгейлі банктермен мәселені пысықтау керек. Бүгінде несие алу өте оңай болды. Біз үш факторлы сәйкестендіруді ұсынып отырмыз. Яғни міндетті форматтағы геометриялық сәйкестендіру керек. Sms екінші фактор болса, үшінші фактор аясында барлық рәсім электрондық қолтаңбамен бекітілуі тиіс», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар