Телефон арқылы алаяқтық жасаған 32 адамнан тұратын Халықаралық қылмыстық топ жойылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Украинаның Ұлттық полициясымен бірлесіп, телефон арқылы алаяқтық жасаған 32 адамнан тұратын Халықаралық қылмыстық топ жойылды.

Бұл мәліметті бүгін ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, интернет-алаяқтық әрекеттерін ашу және Қазақстанның Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясына қосылуы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жандандыру жөнінде шаралар қабылдануда.

«32 адамнан тұратын Халықаралық қылмыстық топ осы бағыттағы жұмыстарды арқасында қолға түсті»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда полиция органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту және алаяқтықтың алдын алуға бағытталған құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылады.

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция бөлімшелері үшін интернет желісін мониторингілеуге, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде құқық бұзушы-пайдаланушыларды анықтауға арналған қазіргі заманғы жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алды.

Аумақтық полиция бөлімшелерінде осы санаттағы істерді ашуға және тергеп-тексеруге мамандандырылған тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылды.

Осыған дейін кибер алаяқтардың 10 қылмыстық тобы әшкереленгенін жаздық.


Соңғы жаңалықтар