Телефон әпермеген әкесіне өкпелеген жасөспірім үйін өртеп жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда жаңа телефон сатып әпермеген әке-шешесіне өкпелеген жасөспірім үйін өртеп жіберді. Бұл жайлы The Straits Times басылымы жазды.

Оқыс оқиға Шығыс Ява провинциясының Понорого округіндегі Джамбон ауданында болған. Жергілікті шериф Джоко Винартоның айтуынша, жасөспірім 50 жастағы фермер әкесі жылдам жаңа гаджет әпермегеніне қатты ызаланған. А әкесі жаңа телефонды Айт мерекесі қарсаңында алып бермек боллған.

Алайда, жасөспірім ұзақ күткісі келмейтінін жеткізіп, наразылық ретінде ас үйге отын әкеліп, оны жаққан. Өрт салдарынан ешкім жапа шекпеген, алайда үй түгелімен өртеніп кетті. Полиция отбасының шығынын 75 миллион индонезиялық рупийге бағалады.

Винарто жасөспірімнің бұрын да ата-анасын мотоцикл сатып әпермегендері үшін өлтіруге ескерткенін айтқан. Ол өзінің нашар тәртібінің кесірінен жергілікті тұрғындармен де үнемі жанжалдасып жүрген.

Фото: straitstimes.com

Соңғы жаңалықтар