Телеарналардан референдум туралы деректі фильм көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық телеарналардан «Референдум» деректі фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Деректі фильм 30 мамыр күні «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» - 12:45-те, «Qazaqstan» - 16:05-те, «Qazaq TV» - 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те көрсетіледі.

Бұл фильмде Ата заңға енетін негізгі өзгерістер және оның ел дамуына ықпалы туралы лауазымды тұлғалардың ой-сараптары беріледі, сондай-ақ аймақтардағы тұрғындардың пікірлері қамтылады.


Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.


Соңғы жаңалықтар