+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Телеарналар балаларға арналған контентке кем дегенде екі сағат эфир уақытын бөлуі керек – продюсер

2021 жылғы 21 қазан 11:55
Бөлісіңіз:
Телеарналар балаларға арналған контентке кем дегенде екі сағат эфир уақытын бөлуі керек – продюсер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Телеарналар балаларға арналған контентке кем дегенде екі сағат эфир уақытын бөлуі керек. Мұндай ұсынысты Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында «Balapan» телеарнасының бас продюсері Сандуғаш Кенжебаева жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Balapan» - жаңа туған сәбиден бастап 8 жасқа дейінгі балаларға арналған телеарна. Баланың санасы тал бесіктен мектеп табалдырығын аттағанға дейін қалыптасады. Сондықтан, «Balapan»-ның бала тәрбиесіндегі орны орасан. Дегенмен, бір арна барлық баланы қамтуы мүмкін емес. Осыған орай менің бірнеше ұсынысым бар. Біріншіден, бүкіл әлем төл тарихын анимация арқылы танытып отыр. Бұл - туризмді дамытудың да алғышарттарының бірі. Біз, Ассамблеяның Аналар кеңесімен бірлесіп әлеуметтік танымдық роликтер түсіріп, халқымыздың тарихын, мәдениетін танытатын анимациялық жобалар жасауды жоспарлап отырмыз. Бүгінде біздің арна эфирінің 80 пайызын анимациялық өнім толтырып отыр. Оның 30 пайызы ғана - төл өнім, қалған 50 пайызын шетелдік мультхикаялармен толтыруға мәжбүрміз», - деді ол.

Осы орайда телеарнаның бас продюсері ел Президентінен «Balapan»-ның анимациялық жобалар өндірісін арттыруға ықпал етуді өтінді.

«Екіншіден, Қазақстанда 9-дан 18 жасқа дейінгі балалар көретін арна жоқ. Яғни, жасөспірімдердің танымын қалыптастыратын сенімді платформа жоқ деуге болады. Сондықтан, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін телеарналар балаларға арналған контентке кем дегенде екі сағат эфир уақытын бөлуді сұраймыз»,- деді Сандуғаш Кенжебаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT