Tele2-нің «Қазақтелеком» құрамына енуі абонент қалтасына қалай әсер етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақтелеком» компаниясының бас қаржы директоры Асхат Өзбеков Тele2 операторының 49 пайыз акциясын сатып алуы абонент қалтасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл мамыр айының соңында «Қазақтелеком» және Тele2 AB Khan Tengri Holding B. V бірлескен кәсіпорнындағы Швед мобильді операторының 49% үлесін сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын.

«Теле-2 Қазақстандағы ұялы байланыс нарығына үшінші ойыншы болып кірді. Бұл нарықта Кссел және Билайн сияқты мықты ойыншылар бар еді. Мен сауда маркаларын сақтау бойынша реттеуіштің өте айқын талабы бар деп айта аламын. Tele2 маркасы таяудағы жылдары қалады. Компания стратегияны түбегейлі өзгертуді жоспарлап отырған жоқ. Яғни, тариф төңірегінде бұрынғы баға топтамасы қалады деп ойлаймын. Тарифтерді көтермеу туралы талап бар. Менің ойымша, тариф тұтынушылардың мүмкіндік аясында қалады», - деді Асхат Өзбеков.

Соңғы жаңалықтар