+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Тель-Авивте экономикалық ынтымақтастық және коронавируспен күрес мәселесі талқыланды

2020 жылғы 8 тамыз 18:30
Бөлісіңіз:
Тель-Авивте экономикалық ынтымақтастық және коронавируспен күрес мәселесі талқыланды

ТЕЛЬ-АВИВ. ҚазАқпарат - Қазақстан елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің Жоғары білім және су ресурстары министрі, Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының тең төрағасы Зеев Элькинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткіштеріне қол жеткізді Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы төмендеді Қор биржасында доллар арзандады

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін, оның ішінде Қазақстан мен Израильдегі экономикалық жағдайды талқылап, коронавирусты тежеу жөніндегі шаралар туралы пікір алмасты.

Елші коронавирус індетімен бірлескен күрес аясында Израильдің жуырда Нұр-Сұлтанда Mashav агенттігінің атынан тапсырған гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Израильдің жетекші медициналық орталықтары мен Қазақстан дәрігерлерінің арасында орын алған консультациялардың маңыздылығы және олардың тамыз айында жалғасуы жоспарланғаны туралы мәлімдеді.

Тараптар індет жағдайында биылғы жылдың алғашқы 5 айы ішінде елдеріміз арасындағы сауда айналымы 200 млн АҚШ долларын құрағаны туралы атап өтіп, оны өсіру мақсатында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның қызметін жандандыру қажеттілігі туралы келісті. Осы бағытта Елшілік жақын арада Израиль кәсіпкерлерінің және KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының қатысуымен онлайн бизнес-форумын ұйымдастыруды көздеуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT