Тель-Авивте Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті

None
None
ТЕЛЬ-АВИВ. ҚазАқпарат - Тель-Авив қаласының Журналисттер үйінде Қазақстан Елшілігі Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан репатрианттар ұйымының қолдауымен еліміз тәуелсіздігінің 28-жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді.

Бұл туралы ҚР Израиль мемлекетіндегі елшілігі хабарлады.

Іс-шараға Израильдің ғылыми және сарапшылық топтарының өкілдері қатысты.

Төтенше және өкілетті елші Сатыбалды Бұршақов өз сөзінде қатысушыларға Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастықтың дамуы, мемлекетіміздің сыртқы саяси күн тәртібі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саясатының басымдықтары туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелдің басты баяндамашылары қыркүйек айындағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға және мемлекеттік басқару жүйесін талдауға назар аударды. Сонымен қатар, сарапшылар қазіргі Қазақстанның қалыптасуы мен гүлденуіне зор үлесін қосқан Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.

Сайлау жүйелерін зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың мүшесі Александр Цинкер Қазақстанда биылғы көктемде болған президент өкілеттігін тапсыру процесіне жете тоқталып, оның мемлекеттік билікті тапсыру сценарийлерінің ең таңдаулысы екенін атап өтті.

Саясаткер Юрий Бочаров өз баяндамасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі қағидаларын талдай келе, бұл маңызды бағдарламаның халықты әлеуметтік қорғауға, инвестицияларды тарту және Қазақстан экономикасын ынталандыруға бағытталғанына назар аударды.

Иерусалим университетінің профессоры Владимир Месамед Қазақстан мен Израиль қарым-қатынастарының дамуының маңыздылығын тілге тиек етіп, тараптардың халықаралық ұйымдар шеңберінде белсенді әрекеттесуін ерекше айтты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастықтың дамуына бірлесіп күш салатыны туралы келісті.

Соңғы жаңалықтар