+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Тель-Авив мэриясы қазақ туының түсіне боялды

2019 жылғы 17 желтоқсан 17:53
Бөлісіңіз:
Тель-Авив мэриясы қазақ туының түсіне боялды

ТЕЛЬ-АВИВ. ҚазАқпарат – Израильдіктер Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен осылайша ерекше құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ұқсас жаңалықтар
Әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады ҚХА өкілдері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады Айдос Үкібай Елбасының қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған видеосын жариялады

Акция 17 желтоқсанға қараған түні Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің бастамасымен өтті. Тель-Авив қалалық мэриясының қасбеті екі мемлекет арасындағы сыйластық пен достықтың белгісі ретінде қазақ туы түстерімен боялды.

«Құрметті достар, Израиль Мемлекетінің Елшілігі Қазақстан Республикасының барлық тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге осынау қонақжай елге ашық аспан астында бейбіт өмір тілейміз, гүлденіп, өркендей берсін!», - делінген елшіліктің Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай салтанатты шара ұйымдастырған болатын. Қабылдауға Израильдің экология министрі және Иерусалим істері мен мұра министрі Зеев Элкин, Иерусалим Патриархы III Теофил, Израильдің экс-премьер-министрі Эхуд Олмерт, Кнессет депутаттары, Бас Сефардиялық раввиндердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Израильде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары, жергілікті бизнес, ғылым, мәдениет және БАҚ өкілдері, Қазақстаннан көшіп келгендер мен отандастар қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT