Тексерушілер той өтіп жатқан мейрамханаға екі сағат кіре алмаған – ШҚО

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы мониторингілік топ мүшелері кезекті рейд барысында шектеу шараларына қарамастан той өтіп жатқан мейрамхананы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп, өңір «қызыл аймаққа» кіргеніне қарамастан карантин талаптарына бағынбай, той өткізіп жатқандар әлі де кездесуде. Кәсіпкерлер өз мейрамханаларының есіктерін жауып, келушілердің автокөліктерін басқа жақтағы көлік тұрақтарына қою сынды қулықтарға баруда. 25 қараша күні мониторингілік топ той жүріп жатқан тағы бір мейрамхананы анықтады.
«Мейрамхананың жұмысшылары бізге есікті біраз уақыт ашпай тұрды. Осылайша, екі сағаттан артық далада жүрдік. Тексеру кезінде белгілі болғандай, үйлену тойына 100-ден астам адам жиналған, мейрамхана жұмысшыларын қосқанда 120 адамнан асады. Материалдар жиналып, тиісті органдарға жіберілетін болады», - деді «Семей - адаллық алаңы» штабының жетекшісі Дариға Дайрова.
Оның айтуынша, тұрғындар шектеу шараларын елемей, отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастыруда. 1 қазаннан бастап Семейде 112 рейд жүргізіліп, 1543 бизнес нысаны тексерілген. Соның нәтижесінде 210 заңбұзушылық анықталды.
- Коронавирус: Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта тұр
- Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады
- 24 875 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр
- Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
-
Өткен тәулікте 468 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
-
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам