Тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлық толықтырылды
2022 жылғы 10 тамыз 19:53

Тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлық толықтырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлыққа толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ҚазАқпарат рқырман назарына құжаттың толық мәтінін ұсынады.

***
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

2022 жылғы 10 тамыз

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу.».

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 9 тамыз

№ 971


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT