Тексеру комиссиясы астананың білім ошақтарындағы кемшіліктерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың білім беру нысандарына жүргізілген тексерудің қорытындысы мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында айтты.

«Елордалық білім беру нысандарына бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті мынадай проблемалар мен кемшіліктерді көрсетті. Білім беру ошақтарының желісін дамыту жолында жергілікті атқарушы органдардың қабылдап жатқан шаралары жеткіліксіз. Құрылымдық бөлімшелер арасында өзара іс-қимылдың нақты тетігі жоқ», - деді Иманжүсіп Ақпомбаев.

Оның айтуынша, құжаттаманы әзірлеу, өзгерістер енгізу кезінде айтарлықтай заңсыздықтарға жол берілген. Мысалы, төрт нысанның сметалық құны 440 млн теңгеге асырып көрсетілген.

«Мектептерді техникалық мүмкіндіктері төмен компьютерлермен жабдықтау фактілері тіркелді. Білім беру мекемелерінің бекітілген типтік жобаларының болмауы сметалық құнның қымбаттауына айтарлықтай әсер етуі мүмкін»,-деді тексеру комиссиясының төрағасы.


Соңғы жаңалықтар