«Текетірес» фильмі Қытайда көрсетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытайдың ең ауқымды «CCTV 6» телеарнасы мен «Қазақстан» телерадиокорпорация арасында «Текетірес» фильмін Қытай аумағында көрсету үшін келісімге қол қойылды. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Текетірес» кинотуындысы Қытайдағы Циндао қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальда жоғары бағаға ие болды. Бүгін, Қытайдың ең ауқымды «CCTV 6» телеарнасы мен «Қазақстан» телерадиокорпорация арасында «Текетірес» фильмін Қытай аумағында көрсету үшін келісімге қол қойылды. Бұл үлкен жетістік», - деп жазды Ерлан Қарин.

Фильм Ерлан Қариннің «Солдат Халифаты» кітабының желісімен 2017 жылы түсірілген. Режиссері Виктор Климов.

Фильм желісі бойынша ҰҚК майоры Рахметов әр түрлі уақытта, әр түрлі аймақтарда террористік әрекет ұйымдастырған экстремистік топтардың ізіне түседі. Бұл оқиғада Қазақстанның ірі қалалары ғана емес Рахметовтің өз жанұясына да қауіп төнеді. Тергеу жұмыстары барысында бұл әрекеттердің артында халықаралық террористер тұруы мүмкін деген тұжырымға келеді. Нәтижесінде «Халифат сарбаздарын» жеңу мақсатында Қазақстанда аумағында ғана емес, шет мемлекеттерге де аттанады. Фильм шынайы оқиғалар негізінде түсірілген. 

null

Соңғы жаңалықтар