Текелідегі лай көшкінінің алдын ала себебі айтылды

Автор:  
Самал Қабышева

Текелідегі лай көшкінінің алдын ала себебі айтылды

ТЕКЕЛІ. ҚазАқпарат – Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті Текелідегі лай көшкіні жүруінің себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала анықталғандай, бүгін 15 мамыр күні сағат түнгі сағат 01:30-дан 13:00-ге дейінгі арықта жауын жауған. Сонымен қатар бұған дейін бүлініп тұрған құбырдан су аққан. Салдарынан топырақ батпаққа айналған. Көшкіннен жеке тұрғын үй қирады, бір үй балшықтың астында қалды, тұрғын үйлердің тағы төртеуінің ауласын ішінара лай көшкіні шайып кетті. Куәгерлердің айтуынша, үйлердің бірінде 5 жасар қыз болуы керек еді. Ал қалған тұрғындар қауіпсіз жерде»,- деді департамент баспасөз қызметі.

photo


Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр.

photo

photo


Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығының басшылығымен төтенше жағдайды жою жөніндегі штаб құрылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына және төтенше жағдай салдарын жоюға барлық тиісті құралдар мен күштер жұмылдырылған.

Алматы облысының ТЖД жедел желі жұмысын бастады (тел.8 (7282)220218, 220213), психологиялық қызмет жұмысы ұйымдастырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Текеліде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалғанын хабарлаған болатынбыз.

photo

photo






Серіктестер жаңалықтары