Текелідегі баланың мүрдесін мәйітханадан ала алмай жатыр деген жалған ақпарат - әкімдік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Текеліде лай көшкінінен қаза болған қыз баланың мүрдесін жақындары мәйітханадан ала алмай жатыр деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баланың мүрдесін мәйітханадан алдық. Ертең сағат 10:00 шамасында жерлейміз», - деді қаза болған баланың анасы Гүлнәр Тілеухан.

Текелі қалалық әкімдігі де баланың денесін мәйітханадан алу барысында ешқандай қиындықтар болмағанын жеткізді.

«Баланың мүрдесін Талдықорғандағы мәйітханадан Текеліге алып келді. Әкімдік жерлеу рәсімін өз мойнына алды. Қазір әлеуметтік желілерде баланың мүрдесін мәйітханадан ала алмай жатыр деген жалған ақпарат тарауда. Сондықтан халықты ресми ақпараттарға жүгінуді сұраймыз»,- делінген Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Текеліде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалғанын хабарлаған болатынбыз.

Содан соң, көп ұзамай мәйіті табылды .


Соңғы жаңалықтар