Текеліде кондитерлік цех ашылды (ФОТО)

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Текелі моноқаласының кәсіпкері Наталья Крупнова «Даму» қорының өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді шығару цехын ашты.

Жеке кәсіпкер Наталья Крупнова Forte bank АҚ-нан 6 пайызбен 15 млн. теңге сомасына жеңілдетілген несие алып, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді шығаруға арналған жабдықтарды сатып алды.

Бизнесте 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеген кәсіпкер әйелдің «Солнышко» атты жекеменшік дүкені де бар.

Жаңа цехта нан, тоқаш, торттар және т.б. пісіретін мамандар жұмыс істеуде. Мұнда шығарылған өнім үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Наталья Крупнова осымен тоқтамайды. Кәсіпкер әйелдің қала тұрғындарының өнімді тек «Солнышко» дүкенінде ғана емес, басқа дүкендерде сатып алатындай, өнім өндірісін өсіру жоспары бар.

2
3
4
5

Соңғы жаңалықтар