Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Текеліде лай көшкіні жүріп 5 жасар бала жоғалып кетті

2022 жылғы 15 мамыр 16:19

ТЕКЕЛІ. ҚазАқпарат - Текелі қаласында лай көшкіні жүріп, бес жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға бүгін болған. Сағат 12:00 шамасында төтенше жағдайлар қызметіне лай көшкіні жүргендігі жөнінде хабарлама түсті. Салдарынан Қонаев көшесінің бойындағы бір үй бүлінген, төрт үйдің ауласын батпақ басқан. Қазір бес жастағы қыз бала жоғалып кетті, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Сонымен қатар Төтенше оқиға орнында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың жетекшілігімен облыстық жедел штаб құрылды. Штаб жұмысына облыстық ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, Полиция департаменті тартылды.


Оқиға орнында жүздеген адам учаскелерге бөлініп, арнайы мамандар мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Олар кинологиялық қызметті жұмылдыра отырып іздеуді жалғастыруда.
Ведомствоның өкілі, әзірге батпақ жүруіне жауыннан өзге құбырдың да жарылуы себеп болуы мүмкін екенін айтты. Әзірге бұл болжам ғана.


Автор:

Самал Қабышева

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары