Текеліде ашық тұрған электр желісінің құрылғысына кірген баланы тоқ соғып, ауруханаға түсті

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Текеліде далада ашық тұрған электр желісінің құрылғысына кірген баланы тоқ соғып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі оқыс оқиғаны растады. Полицияның мәліметінше, қыз бала 2014 жылы туған.

«Аталған факті қалалық полицияның ақпараттық кітабында ресми тіркелгенін хабарлаймыз. Жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыстық департаментіне жолданды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 22 мамыр күні болған. Қыз бала тығылмақ ойнап жүріп, ашық тұрған тоқтың ішіне кіріп кеткен. Қазір тоқ соққан бала ауруханада жатыр.


Соңғы жаңалықтар