+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Текелі моноқаласында экстрималды туризм нысаны салынады

2018 жылғы 24 қаңтар 22:50
Бөлісіңіз:
Текелі моноқаласында экстрималды туризм нысаны салынады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Текелі моноқаласында экстрималды спорт түрлеріне арналған туризм нысаны салынады деп жоспарлануда. Ол жерде қарда жүретін көлікпен, квадроциклмен серуендеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жобаға 18 млн теңге инвестиция тартылып, 20 адам жұмыспен қамтылады.

Қазіргі таңда жаңадан салынатын туристік нысандар құрылысына 2,7 гектар жер қарастырылуда. Жалпы кеншілер шаһарында 11 туристік нысан жұмыс істеп тұр. Өткен жылы бұл салада көрсетілген ақылы қызмет 145 млн теңгеге жетті.

2017 жылды қортындылап есеп берген Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев туризмді дамыту мақсатында, туристік карта құрастырылғанын айтты.

Жалпы Жоңғар Алатауының етегінде орналасқан шаһар туризмнің алуан бағыттарын дамытуға өте қолайлы. Рафтинг, альпинизм, экстрималды спорт және қысқы спорт түрлері, этно және эко туризм Текелінің тек өндірістік елді-мекен ғана емес, туристік шаһар ретінде танылуына жол ашуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT