Текелі қаласының әкімі тағы да маскүнемдерге тап болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев тағы да маскүнемдерге тап болып, халықты ішімдік ішетіндермен күресуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін қала аралап жүріп тағы да маскүнемдерге тап болдым. Міне, қоғамдық тәртіпті бұзатындар — осылар. Бұлармен қалай күресеміз, не істейміз? Мүмкін дүкенде арақ-шарап, темекі сатуды мүлдем тоқтатамыз? Құрметті текеліліктер, дүкендерден арақ-шарап темекіні сатып алуды тоқтатамыз? Әйтпесе, сіздер немесе сіздердің туыстарыңыз осылардың қатарында болмауына кім кепіл!» - деп жазды Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Текелінің әкімі ішімдік ішіп отыр делінген үш әйелді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Ал әйел адамдар ішімдік ішпедік, қолымыздағы шарап деп ақталады. Ал Б.Өнербаевтың әйелдерге «арақ ішкендеріңіз көрініп тұр» деген сөзіне, текелінің үш тұрғыны «күндіз ішкенбіз» деп жауап береді.

Айта кетейік, бұған дейін Текелі қаласының әкімі қоғамдық орында ішімдік ішіп отырған үш ер азаматқа тап болып, оларды қуып жіберген болатын. Шенеунік, бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялағанын хабарлаған болатынбыз. Артынша ішімдік ішкен үш азамат 3 және 5күнге қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар