Текелі қаласында жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады

None
None
ТЕКЕЛІ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласында жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы шаһар жастарымен кездескен қала әкімі Бақтияр Өнербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар жылы аясында Текелінің жастарымен кездескен қала басшысы жігері тасыған, бойында от ойнаған жалынды жастар еліміздің қозғаушы күші деген баға берді. «Батыл, бастамашыл еркін ойларыңыз мемлекетіміз үшін аса қажет. Ертеңіміздің баянды болуы сіздерге тікелей байланысты. Ал, біз жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, толыққанды білім алуына жағдай жасауға, олардың мәртебесін көтеруге үлесімізді қосуға дайынбыз», - деді Бахтияр Өнербаев.null

Сондай-ақ қала әкімі жастардың тың идеялары мен жобаларына бағыт беріп, түрлі мәселелер бойынша көмек көрсететін Жастарға қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отырғанын айтып, жастардың арманына қанат бітірді. Яғни, орталық жастардың білімін шыңдап, бір-бірімен пікір алмасып, тәжірибе бөлісетін әрі демалатын ортақ шаңырақ боларына сенім мол. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін арнайы жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, «Жастар жылына арналған 100 игі іс-шара» жобасы қолға алынбақ.null

null

Соңғы жаңалықтар