Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды

None
ТЕКЕЕЛІ. ҚазАқпарат - Жетісу облысы әкімінің өкімімен Алмас Әділ Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әділ Алмас Қабдолұлы 1980 жылы туған, жоғары білімді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Қайнар» АҚ-да заңгер болып бастады. Әр жылдарда Қазақ Ұлттық банкінің және «Казкоммерцбанктің» Талдықорғандағы филиалдарында заңгер, «Таникеев М.А.» ЖК директоры, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бас маманы, аппарат басшысы, қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2016 жылдың шілдесінен Көксу ауданының әкімі болды.

Айта кетейік, Жетісу облысы әкімінің өкімімен Батыр Қайыркенұлы Молдахметов өз өтініші бойынша Текелі қаласының әкімі лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар