Jańalyqtar
Текелі қаласына санитарлық бекет қойылады
2020 жылғы 28 қараша 19:48
Бөлісіңіз:

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласына 30 қарашадан бастап санитарлық бекет қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Текелі қаласының Бас санитария дәрігерінің 26 қарашада шыққан №249 қаулысында көрсетілген.
Санитарлық бекетте полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қалаға кіріп-шыққандардың дене қызуын өлшеп, анкета толтырады.
Текелі қаласында соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелген. Қыркүйек айынан бастап бұл көрсеткіш 23 адамға жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылына блокпост қойылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде Шонжы ауылының 21 тұрғынынан вирус анықталды. Олармен қарым-қатынаста болғандар үйінде карантинде отырады.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Алматы облысында браконьерлермен күрес күшейді: үш күнде 52 заңбұзушылық анықталды
- Сарыағаш ауданында «Қыз ұзату» тойын жасағандарға айыппұл салынды
- Алматыға шетелден келген 31 азамат еліне қайтарылды
- Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысындағы эпидахуалға қатысты есеп берді
-
Ерлан Тұрғымбаев мобильді топтары әлсіз жұмыс жүргізіп жатқан өңірлерді атады
-
Қостанай облысында діни нысандардың қызметі уақытша тоқтатылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER