Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінде гранттар алуға өтінімдер беру жүйесі жеңілдетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінде гранттарды алу өтінімдерін беру жүйесі жеңілдетіледі, бұл туралы Астанада ҚР Мәжіліс депутаттары, журналистер және қоғам қайраткерлерімен өткен кездесудің аясында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов хабарлады.

«Жалпы алғанда, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікпен 2010 жылы индустрияландыру бағдарламасы іске асыра басталғаннан бері бүкіл ел бойынша 400-ге жуық жоба мен инновациялық әзірлемелер сәйкестендірілді, соның ішінде 507 жобаға нақты, тәжірибелік көмек көрсетілді.

Біздегі жұмыс жыл сайын іске асырылып отырады және жыл сайын процедураларды жеңілдетуге тырысамыз. Егер нақты айтар болсақ, бізде қазіргі уақытта өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұған дейін бізге өтінім беру үшін 20-ға жуық түрлі қағаздар мен анықтамалар қажет болған. Бүгінде ол қажетті 7-9 позиция ғана», - деп баяндады Жұматай Сәлімов. Сондай-ақ ол өтінімдерді қарау мерзімдері бойынша атқарылып отырған жұмысты атап өтті. «Қарау мерзімін де қысқартуға тырысып отырмыз. Бүкіл әлемде өтінімдер шамамен үш айдың ішінде қарастырылады, біз екі айға дейін қысқартпақпыз. Мақсатымыз - бізде сапалы жобалардың, қолдау құралдарына иек артатын адамдар санының көп болуы. Екі айдан кейін жаңа ережелер қабылданады, өтінімдер оларға сәйкес беріліп, бізге келген әрбір адам өзгерістерді сезетін болады», - деп түйіндеді Ж.Сәлімов.

Соңғы жаңалықтар