05.05.2023 16:40 Президент әскердегі технологиялық жаңғыртуға қатысты тапсырма берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Бүкілармиялық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі технологиялық жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.05.2023 17:44 Отандық медицинада 3D принтерлер пайда болмақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі отандық медицинада 3D принтерлерді тіркеп, қолдануды жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.04.2023 13:08 Мемлекеттік басқаруда заманауи технологияларды белсенді қолдану қажет – Сенат төрағасы АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік басқаруда заманауи технологияларды белсенді қолдану қажет. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 21:52 50 жыл бұрын ұялы телефон алғаш рет пайдаланылды АСТАНА. ҚазАқпарат – 1973 жылдың 3 cәуірінде, 50 жыл бұрын ұялы телефоннан алғашқы қоңырау шалынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.03.2023 14:14 ТМҰ елдерінің 20 үздік IT-стартабына Кремний алқабында оқуға грант беріледі АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Hub халықаралық технопаркі Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерінің үздік технологиялық стартаптарына әлемдік нарыққа, соның ішінде АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.02.2023 05:26 Кейбір елдерде Whatsapp желісі істен шықты ТАСС. ҚазАқпарат - Кейбір елдерде жұма күні WhatsApp мессенджерінің жұмысында ақаулар байқалды. Бұған танымал интернет-ресурстардың жұмысын бақылайтын Downdetector қызметінің деректері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
04.02.2023 20:17 Илон Маск Tesla акциясын сатып алу туралы мәлімдемесіне байланысты істе кінәсіз деп танылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Сан-Францискодағы алқабилер соты Tesla негізін қалаушы Илон Маскты 2018 жылғы твитіндегі алаяқтық туралы іс бойынша ақтады. Онда кәсіпкер электромобильдер шығаратын компанияны жекешелендіруді талап еткен еді. Инвесторлар оны осы хабарламамен миллиондаған доллар шығын келтірді деп айыптаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
01.02.2023 13:21 Шымкентте қоқыс сұрыптайтын контейнерлер орнатыла бастады ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қоқыс сұрыптайтын контейнерлер орнатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.01.2023 09:54 Қазақстандық ғалым шоколад түсті кірпіш жасайтын технологияны ойлап тапты АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуразия ұлттық университетінің ғалымы Руслан Сафаров әріптестерімен бірге марганец кенінен тримарганец тетраоксиді бояғышын алудың жолын тапты. Жаңа технологияны құрылысқа қажетті шоколад түсті кірпішті жасау үшін қолдануға болады. Ғалымдар бұл әдісті коммерцияландыруды және өндіріске енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ЕҰУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
11.11.2022 12:11 Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - Президенттің пайымынша, түркі мемлекеттерінің ІТ-саласындағы қарым-қатынасын жандандырған жөн. Бұл тура Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтіп жатқан саммит барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.11.2022 18:24 Биыл елімізде 300-ден аса пилотсыз ұшу аппараты есепке алынды - комитет АСТАНА. ҚазАқпарат - Дрондарды пайдаланушылардың қатары артқан сайын оларды тіркеу мен ұшу аппараттарын тиімді пайдалану ережесі туралы мәселе көтерілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
27.10.2022 16:45 ҚР Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
11.10.2022 19:51 Өзбекстанда электромобильдер шығарылады ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев алдағы екі жылда электромобильдердің танымал үлгілерін шығаруды жолға қойып, сервистік инфрақұрылымды кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28.09.2022 12:09 Digital Bridge-2022 технологиялық форумына Түркі ұйымының мүшелері қатысып отыр АСТАНА. ҚазАқпарат – «Digital Bridge 2022» технологиялық форумына Түркі ұйымының мүшелері қатысып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумның ашылуында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.09.2022 14:22 Қазақ тілін оқытатын IT жобалардың авторлары «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ тілінің мəртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытқан тұлғалар енді «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталады. Мұндай ұсыныс енген Үкімет қаулысы ашық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.09.2022 14:11 5G адамдарды толық бақылау үшін іске қосылғаны рас па НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде танымал конспиролог Марк Стилдің видеосы тарады. Оның айтуынша, атмосферада бірнеше жылдар бойы тыныс алу арқылы адам ағзаларына енетін қауіпті заттар шашылған. Қазір әлемде 5G форматындағы желілер белсенді іске қосылып жатыр, енді бұл адамдар «жарқырай» бастайды, олар бункерлер мен жертөлелерде жасырынбақ болса да, оларды бақылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.08.2022 12:33 Мектептерде технологиялық үйірмелер құру керек - Ералы Тоғжанов НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қосымша білім беруді дамыту бағытында министрлікке тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.08.2022 18:14 Талапкерлер техникалық мамандықтарға қызықпайды - министрлік НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талапкерлер техникалық мамандықтарға қызығушылық танытпайды. Бұл туралы Ғылым және жоғарғы білім министрлігіне қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.07.2022 07:31 Ғарыштық мониторинг нәтижесінде 686 мың шаршы шақырым есірткі алқабы анықталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл ғарыштық мониторинг нәтижесінде 686 000 шаршы шақырым аумақ қамтылып, каннабис өсіруден зардап шеккен учаскелер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.07.2022 13:20 Қазақстандық оқу орындары ІТ кадрларды қалай дайындайды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл құжаттарын тапсырып жатқан талапкерлер арасында IT саласына жоғары сұраныс байқалып отыр. Ақпарат технологиялары қарқынды дамып келе жатқан осы кезеңде алпауыт компаниялар білікті мамандарды өздеріне тартып жатқаны белгілі. Бұл бағытта қызығушылық танытқан жастар өздерінің біліктілігін жетідіруге тырысып отыр. Осы орайда жоғары оқу орындарында IT мамандары қай бағыттарда даярланатыны жайында және қандай білім беру бағдарламалары құрылғаны туралы мәлімет беруді жөн санадық.