Техникалық және кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік әріптестікті нығайту қажет - БҚО

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Техникалық және кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік әріптестікті нығайту қажет. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің төрағалығымен өткен техникалық және кәсіптік білімді дамыту мен кадрларды

даярлау жөніндегі аймақтық кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды.

Кәсіптік-техникалық білім беруде әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықты жетілдіру, кәсіптік даярлаудың дуальдық үлгісін енгізу, жұмыс берушілерді кәсіби талаптарды даярлауға қатыстыру мәселелерін талқылаған отырысқа кәсіптік білім мекемелерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

-Адами капиталды дамыту бойынша 2011-2020 жылдарға арналған республикалық бағдарлама алдымызға бірқатар талаптарды қойды. Кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту үшін былтыр құрылған аймақтық кеңес бірқатар істерге бастау болды. Кәсіптік білімге арналған үлкен форум өтіп, бес меморандум іске асты. Білім ошақтары мен әр түрлі мекемелер арасында екі мыңдай шарт тіркелді. Облысымызда бұрын оқытылмаған жиырма сегіз мамандық бойынша дәріс беру басталды, - деді облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Ердан Катаев.

Жиында білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасында әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытында «Үздік жұмыс беруші», «Үздік меценат», «Өндірістік машықты үлгілі ұйымдастырғаны үшін», «Оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін» аталымдарын белгілеу мәселесі де сөз болды.

Соңғы жаңалықтар