Техникалық реттеу және метрология комитетіне жаңа басшы келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инвестициялар және даму министрі Техникалық реттеу және метрология комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі бұйрығымен Шакқалиев Арман Абайұлы ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Арман Шакқалиев Қарағанды ​​облысы, Балқаш қаласында 1977 жылы туған.

Ол М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті,  «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша, Гумилев атындағы Еуразиялық университеті, «Заңгер» мамандығы бойынша,  Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақмола облысы және Астана қаласында  «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ заң кеңесшісі қызметінен бастаған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің «Резерв» РМК бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап «Қазақстандық метрология институты» РМК директоры болып жұмыс істеді.

2008 жылдың маусымынан 2016 жылдың сәуіріне дейін «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.

2016 жылдың сәуір айында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры болып тағайындалды.

Сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша сарапшы-аудитор, халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі.

Соңғы жаңалықтар