Техникалық реттеу комитеті ЕАЭО аясындағы күмәнді сертификаттың күшін жойды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Техникалық реттеу және метрология комитеті ЕАЭО аясында қолданылып келген 191 күмәнді сертификаттың Қазақстан аумағында күшін жойды. Бұл жайында комитеттің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қуаныш Елікбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Комитеттің бұйрығымен заңсыз ресімделген 191 сәйкестік сертификатының/декларациясының күші Қазақстан аумағында жойылды», - деді комитет төрағасы.

Ведомство мамандарының нақтылау ақпараты бойынша, әңгіме Қырғыз Республикасы арқылы өткізілген тауарлар мен Қытайлық импорт өнімдері туралы болып отыр. Оның ішінде Қытайдан импортталған ойыншықтардың сертификаттары мен декларациялары, тұрмыстық электр бұйымдарының сертифкаттары, импорттық цементке қырғызстандық органдар берген сертифкаттар, тамақ және парфюм-косметика өнімдеріне берілген сертификаттар бар көрінеді.

«Тексеру парақтарының үлгісі қабылданды. Техникалық регламенттердің бүкіл талаптары алғаш рет осы тексеру парақтарында көрініс тауып отыр», - деді Қуаныш Елікбаев.

Комитеттің мәліметіне қарағанда, жаңа редакцияда аттракциондар мен балалардың ойын алаңдарына қойылатын қауіпсіздік техникасының талаптары енгізілген.


Соңғы жаңалықтар