Техникалық байқаудан өткені туралы 3 мыңға жуық жалған құжат анықталды

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесі мен Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасын өзара ықпалдастырудың арқасында

Жол полициясы инспекторлары техникалық байқаудан өткені туралы талонның бар екенін және оның жалған еместігін өздерінің қызмет көліктерінде, сондай-ақ «Шеп» бекеттеріне орналасқан арнайы терминалдар арқылы тексере алады.

Аталған тетікті ілкі ретінде қолданып көру барысында көлікті техникалық байқаудан өткізгені туралы жалған құжат ұсынудың 3000 оқиғасы анықталды. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Естеріңізге салып өтейік, «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу сапасы мен оның обьективтілігін қамтамасыз ету үшін жаңа тәртіпті енгізу барысында «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеген болатын. Қазіргі уақытта техникалық байқаудан өту барысында көлік құралының техникалық жағдайы туралы мәлімет автоматты түрде «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Көлік құралдарын аталған жүйе арқылы тексеру барысында оның техникалық байқаудан өткені туралы жалған құжатты қолданғаны бірден анықталады. Қазіргі уақытта ҚР Парламентінің қарауында жатқан «Жол қозғалысы туралы» заң жобасы қабылданғаннан кейін техникалық байқаудан өткені туралы қағаз құжаттан толығымен бас тарту мүмкін болады.

Соңғы жаңалықтар