+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Техникалық байқау орталықтың жұмыстарына өзгерістер енгізілмек

2019 жылғы 4 қыркүйек 00:22
Бөлісіңіз:
Техникалық байқау орталықтың жұмыстарына өзгерістер енгізілмек

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі техникалық байқау ережелеріне өзгерістер енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, техникалық байқау орталықтарында орнатылған жабдықтарға сәйкес келетін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды әзірленді.

«Техникалық байқау орталықтарында орнатылған осы бағдарламалардың арқасында бақылау-диагностикалық құралдар арқылы көрсеткіштердің нәтижелері белгілі болады, оның қорытындысы бойынша диагностикалық карта беріледі. Қазіргі таңдағы барлық бұзылулар фотошоптар болып табылады, автомобильдің өзін ұсынбай техникалық байқауды өткізу, осы бағдарламалардың белгілі бір талаптарға сәйкес келмеуінен туындайды. Жаңа талаптарда техникалық байқау нәтижелерін қолмен енгізуді болдырмайтын барлық нюанстар көзделген. Жаңа талаптар бойынша техникалық байқауды өткізу үдерісі жақсарады, сондай-ақ оның сапасы артады» - делінген хабарламада.

Нақтылап айтқанда, техникалық байқауға қатысты ҚР заңнамасындағы соңғы өзгерістерге байланысты, байқаудан өту рәсімі бұрынғыдай қалды. Өзгерістер тек бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық бөлігіне ғана қатысты болды, оның мақсаты автомобильдерді тексеру сапасын және диагностикалық бақылау жабдықтарынан берілетін мәліметтердің дұрыстығын жақсарту болып табылады.

Көліктің жаңа иесі туралы деректерді жаңарту үшін www.eisto.kz сайтына өту және NC қайта тіркеу рәсімінен өту қажет. Жоғарыда көрсетілген сайт тарапынан техникалық қателер туындаған жағдайда 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT