+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптар күшейді

2019 жылғы 8 қараша 17:46
Бөлісіңіз:
Техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптар күшейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Бекманов Қазақстанда техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптар күшейгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Еліміздегі техникалық байқау орталықтарының жұмысын қамтитын бағдарламаның талаптарын осы жылдың шілдесінде бекіткен едік. Ал негізі бұл талап 2017 жылы енгізілген. Әйтсе де, техникалық байқау орталықтары ол талаптарды ескермей келді. Басты талап – көлік техникалық байқау орталығына кірген кезде-ақ барлық мәлімет автоматты түрде жүйеге енгізілуі тиіс. Осы талапқа сай келетін бағдарлама бойынша жұмыс істейтін 160 орталықтың жүйеге кіретін кілті қайтарып алынды. Олар енді бағдарламаларын жетілдіріп, қайта жұмысқа кірісуі тиіс», - деді Дәулет Бекманов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуына қарағанда, техникалық байқау орталықтары бес түрлі бағдарлама бойынша жұмыс жүргізелі. Соның үшеуі ғана тексеруден өткені хабарланып отыр.

«Ал көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін анықтай алмайтын жүйесі бар 2 ресейлік бағдарлама тексеруден өтпеді. Бағдарламаны жасаған компания анықталған кемшіліктерді жоюды уәде етіп отыр. Қосымша тексеруден кейін ол бағдарлама да жүйеге енгізілуі мүмкін», - деді ол.

Ал ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспабаевтың айтуынша, Қазақстанда құрамында мыңға тарта техникалық байқау орталығы бар 645 оператор жұмыс істейді.

«Жыл сайын техникалық байқаудан 2 млн көліктің 1,8 миллионы өтеді. Яғни, көліктердің 5 пайызы өтпей қалып жатыр», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT