Техник байқамай зеңбірекпен құны $19 млн жойғыш ұшақты атып жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия әскери-әуе күштерінің «Флоренн» авиабазасында механик байқаусызда әуе кемесі  бортындағы зеңбіректен F-16  жойғыш ұшағын атып жіберген. Салдарынан ол отқа оранды, деп жазады Business Insider.

Механик әуе кемесіне техникалық қызмет  көрсетіп жатқан және абайсызда  оның 20-миллиметрлік зеңбірегін іске қосып жіберген. Ол құны 19 млн долларлық  ұшуға дайындалып жатқан жойғыш ұшаққа дәл тиіп, жойып жіберді. Бұған қоса жанындағы ұшақты да зақымдаған.

Бұдан бұрын Флоренн авиабазасында жарылыс салдарынан General Dynamics компаниясының F-16 ұшағы отқа оранғаны жайлы 11 қазанда хабарланған болатын.

Корольдік  қорғаныс министрлігінің деректерінше, оқыс оқиғадан екі техник  зардап шеккен.

Бельгияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі басқармасы  келеңсіз жағдайға тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар