Техастағы сауда орталығындағы атыс: 20 адам қаза тауып, 24-і жарақат алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Техас штатында Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында болған атыс салдарынан 20 адам қаза тауып, 24-і жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Атыс Walmart супермаркетінде Cielo Vista Mall сауда орталығына жақын маңда болған. Полиция 21 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Билік оның атын атамады, алайда, БАҚ дерегі бойынша, оның есімі Патрик Крусиус. Қала полициясының басшысы Грег Аллен Эль-Пасодағы атыс ісі өшпенділікпен жасалған қылмыс ретінде қаралатындығын айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, бұл оқиғаны «тек қана қайғылы жағдай деп емес, қорқақтық» деп атады.

Фото: © EPA-EFE/IVAN PIERRE AGUIRRE

Соңғы жаңалықтар