Техаста ұшақ апатқа ұшырады

None
None
ТЕХАС. ҚазАқпарат – Техас штатының Гранд Прери қаласында шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті полиция қызметінің дерегінше, дүйсенбіде сағат 14:54 шамасында Гранд Преридің өрт сөндіру қызметі шағын жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабар алған. Расталған мәліметтерге сәйкес, екі адам опат болды», – делінген қалалық әкімшіліктің сайтында. «Ұшақ Дентоннан (Техас штаты) ұшып шығып, Гранд Прейри муниципалды әуежайына қонған. Алайда әуеге қайта көтерілген ұшақ бірнеше минуттан соң құлады».

NBC телекомпаниясының хабарлауынша, бортында екі адамы бар ұшақ телефон бағанасын іліп кеткен. Ол шамамен 500 фут (152 м) жүріп өтіп, автомобильге соғылған. Апат кезінде көлік ішінде болған адам ауруханаға жеткізілді.

АҚШ федералды азаматтық әуе басқармасы оқиға бойынша тергеуді бастады.


Соңғы жаңалықтар