Техаста мектептегі атыстан қаза тапқан балалар саны 19 болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 24 мамырында Увалде қаласындағы (Техас, АҚШ) Робб бастауыш мектебіне қарулы шабуыл жасалып, соның салдарынан 19 бала мен екі ересек адам ажал құшты., деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Атысты ұйымдастырған – 18 жастағы жергілікті тұрғын Сальвадор Рамос.

Жігіттің үстінде оқ өтпейтін жилет болған, тапанша және AR-15 жартылай автоматымен қаруланған. Қылмыскер тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапты.

Көз жұмған ересектердің бірі – осы мектептің мұғалімі Ева Мирелес еді. Тәртіпсіздік басталған кезде жасөспірім әжесін атып өлтірді деген күдікке ілінді.

Атыс кезінде шекара жасағының екі қызметкері жараланған, қазіргі кезде олардың жағдайы бірқалыпты.

АҚШ-та аза тұту күні жарияланып, Увалдадағы құрбандардың құрметіне Ақ үй мен АҚШ-тың басқа да федералды ғимараттарындағы ту жартылай түсірілген.

Америка мектептеріндегі атыс - жиі қайталанатын төтенше жағдайға айналды.

Өткен жылы осындай 26 оқиға тіркелген.

2012 жылы Коннектикут штатында орналасқан Сэнди Хук бастауыш мектебіндегі атыс осындай оқиғалардың ішіндегі ең сұмдығы еді. Салдарынан 5 пен 6 жас аралығындағы 26 бала көз жұмды.

Еске сала кетсек, ҚазАқпарат бұған дейін АҚШ мектебінде атыс болғанын хабарлаған.


Соңғы жаңалықтар