Техаста дүкенде атыс болып, үш адам қаза тапты

None
None
ТЕХАС. ҚазАқпарат – Дүйсенбіге қараған түні Гарленд (АҚШ, Техас штаты) қаласында дүкенде болған атыс салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, ер адам көлігінен шығып, дүкенге кірген бойда бірден оқ жаудырған. Кейін ол ғимараттан шығып, көлікке отырған. Көлікті тағы бір адам жүргізген. Олардың жеке басы анықталмады.

Оқиғаның себебі нақтыланбаған, алайда құқық қорғау органының өкілі бұл келеңсіз жағдайдың «тонау ісіне ұқсамайтынын» мәлімдеді.

Атыс салдарынан бір адам зардап шеккен, ол ауруханаға жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар