Техас штатында белгісіз біреу полицейлерге оқ жаудырды

None
None
ТЕХАС. ҚазАқпарат - Мылтықпен қаруланған белгісіз ер адам сәрсенбіде АҚШ-та Техастың Хон-Гроув қаласында полиция қызметкерлеріне оқ жаудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атыс кезінде құқық қорғау органының қызметкері жарақат алды, деп жазды қалалық полиция Facebook парақшасында.

Полиция сәрсенбі күні таңертең тұрмыстық жанжалға байланысты шақыру бойынша келген. Қарулы адам оларға оқ жаудырған. Тәртіп сақшысының бірі жарақат алып, ауруханаға түсті.

Қазіргі уақытта полиция операциясы жалғасуда. Оқиға орнына қосымша күштер жұмылдырылды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.


Соңғы жаңалықтар