Тегін туристік жолдамаға ақы төлеген астаналық сотқа жүгінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегін туристік жолдама беруге уәде еткен компанияға ақы төлеген Астана тұрғыны сотқа жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалына сәйкес, азамат С. мен оның жұбайы сыйлық алу үшін туристік компанияға шақырту алған. Кеңседе Балиге тегін туристік жолдама ұтып алғандары және оны алу үшін 69 мың теңге міндетті жарна төлеу қажеттігі айтылған.

«Моралдық қысыммен ер адам жарнаны төлеп, келісімшартқа қол қойған. Кейін арыз беруші кеңсеге ұлымен бірге келіп, ақшаны кері қайтаруды талап еткен. Бірақ компания ақшаны беруден бас тартқан. Азаматтық істі қарау бойынша сот отырысы барысында тараптар дау-дамайды медиациялық тәртіппен реттеу туралы уағдаласты», - делінген сот хабарламасында.

Есіл аудандық соты тараптардың уағдаластығын бекітті. Оған сәйкес, компания азамат С.-ға сот шешімінсіз қарыз сомасын қайтаруға міндеттелді.

Іс бойынша өндіріс тоқтатылып, шешім заңды күшіне енді.

 

Соңғы жаңалықтар