USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды - Мәжіліс

2009 жылғы 21 қазан 14:56
Бөлісіңіз:

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілді көлемін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілерді 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап енгізілгелі отырған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне сәйкес келтіруге бағытталып отыр. Сонымен бірге, құжат пациенттің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын жүзеге асыруға, бірыңғай төлеуші қызметін жүзеге асыру үшін құқықтық негіз қалыптастыруға арналады.

Заң жобасын қабылдаудың бірқатар әлеуметтік-экономикалық нәтижелері болады деп күтілуде. Мәселен, ең алдымен құжатқа сәйкес медицина саласында тиімді әрі ашық басқару, мемлекеттік норматив аясында қайта құрылымдау жүзеге асады. Сонымен бірге, кәсіби менеджмент институты енгізіледі әрі сыбайластықтың жолы кесіледі. Бұдан басқа, денсаулық сақтау саласындағы қаржылық қамтамасыз ету жүйелері жетіліп, медициналық қызметтің үздіксіз сапасын арттыруға қол жететін болады. Сондай-ақ, заңды қабылдау нәтижесінде азаматтардың дәрігерді, емделетін орынды таңдауы мен көмек түрі үшін республиканың барлық аумағында тарифтердің бірыңғайлылығы бағытындағы конституциялық құқығы қалпына келтіріледі. Денсаулық сақтау саласында нарықтық қатынастар енгізіліп, медициналық қызметтің мөлдірлігі қамтылады.

Бұдан басқа, жоба азаматтардың өмір сүру жасын ұзартып, ана мен бала өлімін, әлеуметтік мәнге ие болып отырған аурулардан туындайтын өлім-жітім көрсеткішін төмендету секілді мақсаттарды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жіберіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT