Тегін кәсіптік-техникалық білім - жастар үшін оңтайлы бағдарлама - Жаңагүл Сұлтанова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ ұлттық хореография академиясында Әлеуметтік ғылымдар және өнер факультетінің деканы Жаңагүл Сұлтанова «Біз Елбасы жолдауын қолдаймыз» атты баяндамасын таныстырды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Жаңагүл Сердалиқызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы келесі шешімін ерекше жеке атап өтті: «Мемлекет басшысының бастамасы бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс».
 

Сонымен қатар, студенттер мен магистранттар қызықты баяндамалар мен көрсетілімдерін дайындады.

Еске сала кетсек, 2016 жылы 31 тамызда Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды. «Қазақ ұлттық хореография академиясы» - ұлтымыздың би мәдениетін әлемдік хореографиялық қауымдастықтың тәжірибесіне сүйене отырып қарқынды дамытатын кешен. Хореография академиясының оқыту жүйесі әр білім алушымен жеке дара жұмыс жасауға бағытталған. Оқу ордасы көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім беретін Орталық Азиядағы алғашқы жоғарғы оқу орны болып саналады. Академияның профессорлары мен оқытушылары Қазақстан мен шет елдерде кеңінен танымал, жоғарғы деңгейлі, кәсіби мамандар.

Қазіргі уақытта академияда Қазақстанның әр өңірінен келген 500-ге жуық білім алушы, атап айтқанда, балет пен би ансамбльдерінің болашақ әртістері, болашақ хореографтар мен режиссерлар, өнертанушылар және арт-менеджерлер біліктілігін шыңдауда.

Соңғы жаңалықтар