Тегін баспана алғыңыз келсе - Универсиадаға билет сатып алыңыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегін екі бөлмелі үй алғыңыз келсе, Универсиадаға билет сатып алып, ұтысқа қатысыңыз.

Мұндай ақпаратты Алматы төрінде өтетін 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция өзінің ресми сайытында жария етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

18 жастан асқан кез келген адам Универсиада ойындарының билетін сатып алып, ұтыс ойыны арқылы Алматыдан екі бөлмелі пәтер және өзге де бағалы сыйлықтарға ие бола алады.

Пәтерден бөлек, ноутбук, смартфон, планшет, тұрмыстық техника, сондай-ақ, 2017 жылы Саппорода өтетін Азия ойындарына 2 билет ойнатылатын болады.

Ұтыс ойыны екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2016 жылдың 11 қарашасына дейін сатып алынған билеттер қатысса, екінші кезеңде 2017 жылдың  8 ақпанына дейін сатып алынған билеттердің барлығы қатысады. Онда сатып алынған билеттің бірегей 9 санды нөмірі ойналатын болады. Ұтыстың шарты ұтысқа қатысушының жасы 18-ден асқан болуы тиіс. Сондай-ақ, тегін таратылған билеттер мен арнайы шақырылған қонақтардың билеттері ұтысқа қатыстырылмайды. Ұтқан билет нөмірін анықтайтын ұтыс ойынына арнайы комиссия бақылау жүргізеді.

Билеттер Алматы (Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы, Республика сарайы, Мемлекеттік цирк, Меломан кассаларында) және Астана (Хан Шатырдағы, «Керуен» сауда орталығындағы, «Мечта» сауда үйіндегі Меломан кассаларында, MyTown кеңсесінде) қалаларында сатылады. Сондай-ақ, оларды  www.almaty2017.com, www.fisuticket.com, www.kassir.kz, www.biletiastana.kz сайттарында онлайн арқылы сатып алуға да болады.

null

Соңғы жаңалықтар