+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Тегін азық-түлік жиынтығын кімдер алатыны белгілі болды

2020 жылғы 25 наурыз 17:41
Бөлісіңіз:
Тегін азық-түлік жиынтығын кімдер алатыны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 109 номеріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген ақпарат жалған. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда жергілікті халыққа қажет азық-түлік қоры жеткілікті – әкімдік «Birgemiz»: Атырауда жанашырлар 14 отбасына тегін азық-түлік жеткізіп берді Азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС мөлшерлемесі 8 пайызға дейін төмендетілді

«Кеше ғана мен Президент тапсырмасы бойынша тегін азық-түлік жиынтығы туралы ақпарат жария еткен болатынмын. Оны азаматтардың 4 санаты ала алатынын еске салғым келеді. Бірінші санат - атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары. 2, 3, 4-санат - карантиндік аймақта тұратын азаматтар. Нақты айтқанда, АӘК алатын отбасылардың барлық ересек мүшесі, оның ішінде көпбалалы отбасылар, барлық жастағы 1 және 2-топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар, мүгедек баланың күтімімен отырған ата-аналар», - деді министр.

Сонымен қатар ол қазір әртүрлі мессенджерде 109 номеріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген хабар тарап жатқанын айтты.

«Бұл - жалған ақпарат. Оны жасаған адамдар табылады және заңға сәйкес жазаланады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT