Тегін адвокаттық көмек қандай жағдайда көрсетіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда республика бойынша кешенді әлеуметтік заң көмегі 2 мыңнан астам азаматқа көрсетілді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастыруды адвокаттар алқасы қамтамасыз етеді. Істерді тағайындау бойынша бөлуді алқа жүзеге асырады және есепке алу журналында тіркейді. Заң көмегін көрсету туралы жекеленген шарт болған жағдайларды қоспағанда, адвокатқа іске өз еркімен қатысуға тыйым салынады. Нақты себеп болмаған жағдайда адвокаттың істен бас тартуға құқығы жоқ. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін мұқтаж адамдар оны тұрғылықты мекенжайына және орналасқан жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында алуға құқылы», - деп мәлім етті Алма Мұқанова.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында азаматтарға қызмет тегін көретіледі.

«Мұндай көмекті адвокаттар мен заң консультанттары клиент заң көмегіне жүгінген сәттен бастап құқықтық жағдай шешілгенге дейін оны толық сүйемелдей отырып, өтеусіз және ерікті негізде көрсетеді. Бүгінгі таңда бүкіл республика бойынша кешенді әлеуметтік заң көмегі 2 мыңнан астам азаматқа көрсетілді», - деді вице-министрі.

Қоса кетсек, 2 жылдың ішінде 22 мыңнан аса қазақстандыққа адвокат электронды форматта тағайындалған.

Сонымен қатар, биыл әділет органдарына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде адвокаттардың әрекеттеріне қатысты 12 шағым түскен.


Соңғы жаңалықтар