Тегі нигериялық Алматы тұрғыны әскерге алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әуе қорғанысы күштерінде борышын өтеушілер әскерге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әскери басқармасының қатаң іріктеуінен іркілмей өткен болашақ сарбаздар Әуе қорғанысы күштерінің құрамында борышын өтеуге мүмкіндік алып отыр. Солардың арасында Майкл Жозеф те бар. Оны анасы Галина Мкпо-Семенова сәттілік тілеп шығарып салды.

«Ұлым - Қазақстан азаматы. Демек, Қазақстан армиясында борышын өтеуі тиіс. Шақырту келгенде өз қалауымен шешім қабылдады» - дейді Галина Мкпо-Семенова.

Алматыда туған Майклдың балалық шағы да осында өткен екен. Кейін Нигерияда біраз жыл болып, Қазақстанға оралған.

«Ол орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Қазақ тілін де аздап біледі. Қасындағылар соған таңғалысып жатыр» - дейді анасы.
null

Бүгінге дейін Алматы қаласынан Қазақстанның қарулы күштеріне 700-ден астам сарбаз аттанған.

Соңғы жаңалықтар