+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Тегерандағы апат: Ұшақ бортында 7 елдің азаматтары болған

2020 жылғы 8 қаңтар 15:53
Бөлісіңіз:
Тегерандағы апат: Ұшақ бортында 7 елдің азаматтары болған

КИЕВ. УКРИНФОРМ - ҚазАқпарат – Тегеранда апатқа ұшыраған Украина ұшағында мерт болғандардың басым бөлігі – Иран және Канада азаматтары. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко Twitter-де жазды. ҚазАқпарат бұл туралы УКРИНФОРМ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір PS752 апатында қаза тапқандардың қай елдің азаматы екендігі жайлы мынадай ақпарат бар: Иран – 82; Канада – 63; Украина - 2 + 9 (экипаж); Швеция – 10; Ауғанстан - 4; ГФР - 3; Ұлыбритания – 3», - деп жазды Украина СІМ басшысы Пристайко.

Ол әуе апатында адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтып, Украина билігі тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

Агенттіктің хабарлауынша, сәрсенбі, 8 қаңтарда Тегеран уақытымен 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшып шыққан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады.

Оның бортында 177 адам болған: 168 жолаушы және 9 экипаж мүшесі. Барлығы мерт болды.

Украина президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT