Тегеранда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті болып сайланған Эбрахим Раисиді ұлықтау рәсімі әскерилер мен ұлттың ресми өкілдері, сонымен қатар 115 елден келген қайраткерлер мен қонақтардың қатысуымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлықтау рәсімі алдында 115 ел мен халықаралық ұйымдардың делегациялары Иран Ислам Республикасының жаңа президенті Эбрахим Раисимен Бахарестандағы Парламентте ашық ауада суретке түсті.

Парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф барлық ирандық және шетелдік қонақтар алдында қысқа сөз сөйледі.

Парламент спикерінің құттықтауынан соң Президент Эбрахим Раиси сот билігінің басшысы мен шараға қатысқан шенеуніктердің алдында ант берді.

Президент Ислам Республикасының Конституциясы мен режимінің қамқоршысы болуға ант берді және халықтың проблемаларын шешуге бар күш-жігерін жұмсайтындығын білдірді.


Соңғы жаңалықтар