Театр фестивалі: Үздіктер анықталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат- Семейде Қазақстанның халық артисі Әмина Өмірзақованың мерейтойына арналған театр фестивалі аясында 12 ұжым үздік қойылымдарын сахналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыдан бір апта бұрын Қазақстанымыздың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар кездесіп, тәжірибелерін ортаға салып, фестиваліміздің салтанатты ашылуы өткен еді. Осындай фестивальдар әр өнер иесінің тұлғалық дамуына және өсуіне әсер етеді, - деді театр және кино актері Асанәлі Әшімов.

Шара барысында өнерпаздар мен өнер ұжымдары 13 аталым және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды.

«Үздік көркемдік шешім» номинациясы бойынша Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театры «Періште» спектаклі үшін,

«Үздік режиссура» номинациясы бойынша «Жан дауысы» спектаклі үшін Фархат Молдағали,

«Әмина Өмірзақова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша «Ләйлі-Мәжнүн» спектакліндегі «Ләйлінің анасы және кемпір» рольдері үшін Ботагөз Мақсұтова,

«Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша «Әлиханның аманаты» спектакліндегі «Әлихан» ролі үшін Медғат Өмірәлиев,

«Қазақстанның театр өнеріне қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Абай» спектакліндегі «Абай» ролі үшін Бақытбек Темірбеков,

«Үздік актерлік ансамбль» номинациясы бойынша М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Евгений Онегин» спектаклі,

«Тарихи тақырыпты игерудегі ізденістері үшін» номинациясы бойынша Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры «Ахметтің аманаты» спектаклі,

«Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі» номинациясы бойынша «Қанды азу» спектакліндегі «Бораш» ролі үшін Елдос Масалимов,

«Ең үздік екінші пландағы әйел адам бейнесі» номинациясы бойынша «Театр 180º» спектакліндегі «Дотти» ролі үшін Гүлмира Жакилина,

«Үміт» номинациясы бойынша «Балалық шаққа саяхат» спектаклінің режиссері Жангелді Садықов,

«Үздік дебют» номинациясы бойынша «Театр 180º» спектаклі үшін «Nomad» театры,

«Шығармашылық жетістіктері үшін» номинациясы бойынша «Дауыс. Дау іс» спектаклі, «Дариға-ай» жастар театры марапатталды.

Ал, «Ең үздік спектакль» номинациясы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Адам-зат» спектаклі үшін берілді. Жүлде қоры 1 500 000 теңге.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайтын арнайы жүлдесі «Дариға-ай» жастар театрына табысталды.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның халық артисі, Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық театр фестивалі басталғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар