Театр директоры Ерлан Біләл пара алып жатқан жерінен ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық драма театрының директоры, белгілі актер Ерлан Біләл 1,5 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа қатысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі растады.

«Бұл қаражатты лауазымды тұлға театр базасында балаларға арналған қойылым қоюға ғимаратты жалға беру үшін заңды тұлғадан алған», - деді агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Ерлан Біләл кінәсін толық мойындағандықтан, қамауға алынбады.

Қазір бұл дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар